Перейти к содержимому страницы.

ОНЛАЙН ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

05.01.2024

Британдық Кеңес Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін “Future English” жобасына байланысты пилоттық бағдарламаны жүзеге асырды және Online Teacher Community платформасы арқылы онлайн-курсты енгізді. Бағдарламаға байланысты педагогикалық университеттің оқытушылары ағылшын тілін оқыту кезінде өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын арттыра алады. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті осы пилоттық бағдарламаға қатысқан университеттердің бірі болды. Аталмыш университет атынан Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру мұғалімдеріне нұсқау беру үшін филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мергүл Сәбитқызы Құлахметова және PhD докторы, қауымдастырылған профессор Айгүл Болатқызы Ахметова курсты сәтті оқып, фасилитатор лауазымын алды. Олар 2023 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында университеттің 4-курс студенттеріне арналған Британ Кеңесі бастаған 45-сағаттық онлайн бағдарламасын өткізді. Бағдарлама алты модульден, тапсырмалардан, тікелей сессиялардан, форумдар мен вебинар талқылаулардан құрылған болатын. Курстың соңында табысты тыңдаушылар Британ Кеңесінің сертификаттарына ие болып, сабақта ағылшын тілін оқыту барысында өз білімдерін жетілдіріп, жүзеге асыра білді. Осы онлайн-бағдарламада алынған білімдері педагогикалық тәжірибеде әрі қарай қолдануға пайдалы және құнды болады деп сенеміз.