Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25.02.2021

24 ақпан күні Павлодар педагогикалық университетінде онлайн режимде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. ППУ-дың Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев мәжіліс модераторы болып, күн тәртібіндегі басты қаралған мәселе – қысқы емтихан сессиясының қорытындылары туралы есеп алды. Кеңес мүшелері Ғылыми кеңестің 2020-2021 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ Ғылыми кеңес туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаны мақұлдады.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Елена Васильевна Игнатова қысқы емтихан сессиясының нәтижелері туралы баяндама жасады. Биыл қысқы сессияға 4854 адам емтихан тапсыруға рұқсат алған, тапсырылған емтихандардың жалпы саны – 3054, оның 1285-і тестілеу түрінде, 1156-сы ауызша, 613-і жазбаша түрде жазылған. Сессияға жіберілген студенттердің 4405-і сессияны ойдағыдай тапсырған, бұл жалпы контингенттің 90%-ын құрайды. 530 студенттің академиялық қарызы саналды, оның ішінде 112 грант иегерлері бар. Жалпы алғанда, абсолютті үлгерім өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға, ал білім сапасы 14%-ға артты. Сондай-ақ Елена Васильевна өз баяндамасында пәндердің 42%-ы тестілеу түрінде тапсырылатындығын, емтихан қабылдауда студенттердің білім сапасы туралы сенімді ақпарат пен прокторлық жүйенің жоқтығын атап өтті.

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.В. Мырзақұлов Кеңес мүшелеріне ғылыми жетекшілерді және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық зерттеу тақырыптарын, сондай-ақ баспаға ұсынылған монографияларды ұсынды. Кеңесте көтерілген осы да өзге мәселелер Ғылыми кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Бұдан былай Ғылыми кеңестің отырысы ай сайын өткізілетіндігін атап өткен жөн, онда университеттің ғылыми, академиялық және тәрбие ісі жөніндегі мәселелері талқыланады.

zoomsovet

zoomsovet2

zoomsovet3

zoomsovet4