Перейти к содержимому страницы.

ГОНКОНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КЭТРИН ЧАН МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

18.10.2023

Марғұлан университетіне Гонконг университетінің білім беру факультетінің қолданбалы педагогика профессоры Кэтрин Чан келді.

Іс-сапар барысында профессор Кэтрин Чан конференцияға «Latest Transformations of the Learning System in the Hong Kong Special Administrative Region (HKSAR): Strengths and Challenges in Post-Covid Times» баяндамасымен қатысады, сонымен қатар университет оқытушыларына шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев пен Гонконг университетінің білім беру факультетінің қолданбалы педагогика профессоры Кэтрин Чанның ресми кездесуі өтті. Жанбол Жилбаев университетке экскурсия жасап, қонақты алпыс жылдан асқан оқу орнының тарихымен және жетістіктерімен таныстырды.

Ғалымдар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, жұмысшылар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік беретін ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту, бірлескен семинарлар мен ғылыми конференциялар, тіл курстарын ұйымдастыру және Гонконг университетінің профессорларымен бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Еске салайық, осы жылдың тамыз айында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Гонконгтың білім хатшысы Цай Жолинь ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім тәжірибемен, оқу-әдістемелік құралдармен, сондай-ақ ғалымдармен, оқытушылармен және студенттермен алмасуды қарастырады.

Марғұлан университеті ғалымдарының профессор Кэтрин Чанмен бірлескен жұмысы осы келісімді жүзеге асыру, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту аясында жүзеге асырылуда.

Кэтрин Чан 2000 жылдан 2018 жылға дейін Гонконг білім беру бюросы хатшысының орынбасары қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен 2002 жылы Гонконгтағы бастауыш білім берудің мазмұндық реформасы «Оқуды үйрену» » (Learning to Learn) басталды, сонымен қатар дарынды балаларға білім берудегі бағалау жүйесін реформалау және ақпараттық технологияларды пайдалану сияқты бірқатар басқа бастамалар жүзеге асырылды.

Сонымен қатар ол орта мектепте Жаңа академиялық құрылымды енгізуді үйлестірді. Оның жетекшілігімен барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуымен мұғалімдер мен мектептерді қолдаудың инновациялық стратегиялары әзірленді, Гонконгта, Қытай материгінде және басқа елдерде орта және жоғары білім беруді дамытудың траекториялары тұжырымдалды.