ОҚЫТУДЫҢ ДУАЛДЫ ФОРМАСЫ БОЙЫНША
27.07.2023
Марғұлан университетінің instagram парақшасында тікелей эфирде ЖОО-ға дейінгі дайындық және кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Манапқызы Мұсанова жазылушылардың дуалді оқыту бағдарламасына түсу шарттары туралы сұрақтарына жауап берді.
Дуалды оқыту формасы университетімізде үшінші жыл енгізілуде. Оқытудың бұл түрі студентке университет қабырғасында теориялық білім алуға, практикалық дағдыларды тікелей жұмыс орнында алуға мүмкіндік береді. Оқытудың бұл түрі колледжде орта арнаулы педагогикалық білім алған және жоғары білім алғысы келетін мұғалімдер үшін енгізілген.
Дуалды оқытуға түсушілер үшін міндетті шарт: таңдаған мамандық талапкердің жұмыс орнындағы мамандығына сәйкес болуы керек. Бұл жоғары оқу орнына түсіп, бір уақытта жұмыс істегісі келетін колледж түлектері үшін өте қолайлы. Сонымен, колледж дипломы бар бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің мұғалімдері оқуын жұмыста жалғастыра алады.
Дуалды оқыту формасы физика, математика, химия, биология мұғалімдері жеткіліксіз, мұғалімдер пәндерді біріктіріп оқуға мәжбүр болған шағын жинақты ауылдық мектептер үшін өте өзекті. Енді олар жұмысын тоқтатпай, қажетті мамандық бойынша білім ала алады.
Дуалды оқыту формасындағы студенттер жұмыс орнында тәжірибе түрінде алты апталық оқудан өтеді. Студенттер университетте рубеждық апталық өткізеді, теориялық білімдерін шыңдайды.
Дуалды оқытуға түскен студенттер барлық студенттер сияқты жылына екі рет университетте сессиядан өтеді.
Айта кетерлігі, дуалды форматтағы оқу талапкерге әлдеқайда арзанға түседі. Егер күндізгі оқу формасы бойынша бір жылға оқу құны 640 мың теңге болса, дуалды оқыту бойынша – 430 мың теңге. Төлемді бөліп төлеуге болады: оқу келісімін жасаған кезде 20%, қалғанын ай сайын төлейсіз.
«Дуалды білім беру форматына құжат қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. Оған дейін құжаттарыңызды келіп тексере аласыз. Қабылдаудың тағы бір шарты - жұмыс орнынан анықтаманың болуы. Талапкер осы мамандық бойынша жұмыс істеуі керек.
Биыл дуалді оқыту бойынша мамандықтар тізімін кеңейттік. Бұрын тәрбиешілерді, бастауыш сынып мұғалімдерін, тіл мұғалімдерін дайындасақ, биылдан бастап «педагогика және психология» және «арнайы педагогика», «музыкалық білім», «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары қосылды», - деді Гүлнар Манапқызы.
Айта кетерлігі, педагогикалық колледж түлектері оқу орнында жұмыс істейтін болса, «психология» мамандығына да түсе алады. Дуалды оқу формасында оқу мерзімі - 2 жыл.