Перейти к содержимому страницы.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПІКІР-ТАЛАС ТУРНИРІ

25.04.2022

Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығына орай және ағымдағы «Балалар жылы» аясында ректор грантына арналған облыстық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Турнирге Павлодар, Екібастұз, Баянауыл өңірлерінен 32 фракция қатысты. Оқушылар дебаты @aqiqat.ipk клубының ұйымдастыруымен өтті.

«Ақиқат» Интеллектуалды пікірсайыс клубының президенті Зұлпыхар Гүлнаурыздың сөзінше, мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық қабылеттерін шыңдау және өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Ал жүйріктердің жүйрігі, үздіктердің үздігі болған Мадина Бектұрғанова «Үздік спикер» аталымын жеңіп алып, ректор грантының иегері атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.

1-орын иеленген: “Эспада” фракциясы (Әбішев Азат,Қажатұлла Ерасыл)

2-орын иеленген: “Абай гимназия” фракциясы (Идрисова Аяулым,Асаинова Жамиля)

3-орын иеленген: “Ой- Дария” фракциясы Рамазанова Рауза,Балағазинова Жанель

Жүлделі финалист атанған:”Relax” фракциясы (Жұмабай Арсен, Айтмухамбетова Аружан)

 ЛД форматы бойынша:

Ең үздік спикер және ректор грантының иегері- Бектұрғанова Мадина Бауыржанқызы.

Үздік спикер - Сәрсенбай Нұрсұлтан.

  • Үздік жетекші - Кисимова Кульшим.
  • Креативті фракция - “NoMad” фракциясы (Нұрлыбек Тамерлан,Мүбәрак Мансұр)
  • Турнир жұлдызы - “Барыс” фракциясы (Жұмабекұлы Марғұлан,Тілеуқабыл Мұстафа)
  • Үздік делегация - Екібастұз қаласынан келген пікірсайысшылар “Камикадзе” фракциясы (Абзал Алуа, Сүлейман Раиса),
  • Үздік талпыныс - “Жарқын болашақ” фракциясы (Қайыржан Айдана,Балғабай Ақжарқын )
  • Ең тапқыр- “Дарын.kz” фракциясы (Қазбек Ибрахим,Болат Серіжан)