Перейти к содержимому страницы.

Хабарландыру!

07.02.2017

Шет тілдері кафедрасы тілдік емес мамандықтарының 1-3 курс студенттерін жыл сайын өткізетін ағылшын тілінен институтішілік олимпиадаға қатысуға шақырады.

Тілдік емес мамандар арасында өтетін олимпиаданың мақсаты мен міндеті: көптілділік идеясын қолдау, шет тілдерін оқуға деген құлшынысын арттыру, оқушылардың өзге елдердің мәдениеті мен тілдік компетенциясы туралы білімін кеңейту.

Олимпиаданы өткізу шарттары

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады

Олимпиаданың 1-кезеңі тілдік және лингвистикалық компетенцияны анықтау және шет тілдерін есту арқылы қабылдау қабілетін бағалау үшін лексика-грамматикалық тестілеу мен тыңдалымнан тұрады.

  1. Lexical and grammatical test – 30 minutes
  2. Listening – 20 minutes
  3. Reading – 20 minutes
  4. Speaking – 3-5 minutes

Олимпиаданың 2-кезеңі ұсынылған тақырып бойынша ағылшын тілінде өз ойын жеткізу, тақырыпты ашу (бұл кезең тапсырмалары шет тілінде еркін сөйлеу мәнерінің қалыптасуына бағытталған).

Олимпиада нәтижелері, жеңімпаздарды марапаттау

Ағылшын тілі олимпиадасының нәтижелерін шығаратын байқау комиссиясы. 1,2 және 3 орын алған қатысушылар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар республикалық олимпиадаға жолдама алады.

Өткізу уақыты: 16.02.17

Басталуы: 15:00

Тіркелі уақыты: 16.02.17 14:30-15:00