Перейти к содержимому страницы.

ӘР АДАМ ОҚУЫ ТИІС КІТАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

17.03.2022

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің докторанттары Б.Қ.Ақшолақова мен Г.Б.Жақыбаева «READx» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 7-9 сынып оқушыларымен бірлесіп, «Тарих туралы кітаптар» іс-шарасын өткізді.

Ұстаздар балалармен бірге батыр жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармаларының мазмұнын талқылады.

Кездесуге келесі оқушылар белсене қатысты: 7 «Б» сынып оқушылары Зекебай Нұрай мен Аманжол Ақбота, 9 «А» сынып оқушылары Қайырзат Мұхамедали, Махмудова Айша және Бекет Фатима.

Сөз сөйлеу барысында спикерлер шығармалардың мазмұны аясында тарихи оқиғаларды талдап, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. Баяндамашылар оқылған шығармалардың терең мағыналылығын, адамгершілік пен ар-намыс, достық пен сыйластық мәселелерін қозғайтынын атап өтті.

Мәңгілік тақырыптар – Отанға, тілге, халыққа деген сүйіспеншілікті ашатын шығармалар көрермендерге жарқын әсер қалдырды. Кездесу өте қызықты және мазмұнды өтті.

Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!