Перейти к содержимому страницы.

ЭФИРДЕ КИБЕРБУЛЛИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17.03.2022

Педагогика жоғары мектебінің оқытушылары профессор Б.Ғ. Сарсенбаева, магистр С.Б. Жылқайдарова «Halyg radiosy» эфирінде «Буллингтің алдын-алуының психологиялық жолдары» тақырыбында сөз сөйледі.

Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегендi бiлдiредi. Адам үйде, мектепте, автобуcта немеcе интернетте, жалпы айтатын болcақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкiн. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Эфирде сойлеу барысында бірнеше сұрақтар көтерілді. Кибербулинг деген не? Баланың қандай да бір қысымға ұшырағандағы белгілері. Интернет қысымға ұшыраған жағдайда не істеу керек? Нелiктен адамдар бiр-бiрiн қорлап, қиянат жаcайды?

Жасөспірімдердің кибербуллинг туралы қоятын негізгі сұрақтары. Ата- аналарға арналған жадынама.