Перейти к содержимому страницы.

Облыс мұғалімдеріне арналған әдістемелік күн

06.04.2021

2021 жылы 2 сәуірде білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар педагогикалық университетінің өкілдерімен бірге облыс мұғалімдері үшін білім алушылардың оқу сапасын арттырудың кешенді жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік сағат өткізді. Жұмыс барысында Инновациялық орталық әдіскерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің басшысы Р.К.Маняпова, жаратылыстану жоғары мектебінің деканы В.Н. Алиясова және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Е.П. Гаранина облыстың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі оқу сапасын арттыруда студенттердің еріктілер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін көтерді. Облыс мұғалімдері айтылған ұсынысты ортаға салып, талқылады: сан түрлі сұрақтар қойылып, мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ "Кітапқұмар мектеп" жобасын жүзеге асыру туралы жобалар ерекше қызығушылық тудырды.

RK