Перейти к содержимому страницы.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ СТУДЕНТТЕР ҮЙІН АРАЛАП КӨРДІ

17.08.2023

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары – Асылбек Туғанбай, Айдар Құрымбаев сынды азаматтар Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттер үйін аралап, оқу жылына дайындығын тексерді.

Алдымен университеттің бас корпусы жанындағы №1 және №2 студенттер үйін көрді. Бұл жатақханалардың оқу жылының басында студенттерді қабылдауға дайындығына көз жеткізді. Сонымен қатар, Екінші Павлодарда орналасқан Хостел-отель типіндегі жатақханаға барып, жөндеу жұмысымен танысты.
Айта кету керек, биыл Әлкей Марғұлан университетінің студенттері үшін қосымша екі жатақхана ашылатын болады. Біріншісі Хостел типіндегі №3 жатақхана. Ол Павлодар қаласы Целинная көшесі, 46 үй мекен-жайында орналасқан. Екіншісі Сарыарқа қонақүйінде орналасқан №4 студенттер үйі. Қазіргі күні аталған қос ғимаратқа студенттерді орналастыру үшін келіссөздер жүргізілуде.