Перейти к содержимому страницы.

ОБЛЫСТЫҚ «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

26.10.2022

Павлодар педагогикалық университетінде қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирі өтті. Оған облыстың барлық аудандарынан және ауылдарынан 300 спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта республикалық турнирде белдесетін болады.

Қазақ күресі бойынша жаттықтырушы Қайрат Темірболатовтың айтуынша, облыстық «Жас барыс» турниріне 2002-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер қатысқан. Жалпы, 38 келіден +100 келіге дейін әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Жарысқа Павлодар педагогикалық университеті атынан 18 спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, Кинтонов Жавлон, Қизатбек Абдғалым, Ислам Жаңбырбаев, Ансар Мавленов, Алдияр Айтмұхамбет, Нұрсұлтан Файзулла, Мәди Қайырбек, Жұмаш Ақбота(колледж), Айтмұхамбет Жанат, Серхан Абылай, Айтмұхан Алихан, Шекеев Аслан, Ахметкаримов Әділбек сынды студенттер жүлделі орындарға ие болды.

Соның ішінде жеңімпаз болған Ислам, Абдығалым, Ансар, Алдияр сынды төрт спортшы Қараша айанда Астанада болатын республикалық турнирге жолдама алды.

Турнир соңында қазақ күресінен жоғары нәтиже көрсетіп жүрген 4 балуан - Хизатбек Авдғалым, Ислам Жаңбырбаев, Әдеппай Мөлдір, Әлихан Айтжановтар «Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері» куәлігін алды. Оны «Павлодар облысы қазақ күресі федерациясы» Қауымдастығының төрағасы Дархан Жоламанов табыстады.