ОБЛЫС МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
05.02.2025
Бүгін Марғұлан университетіне Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, “AMANAT” партиясының мүшесі Асылбек Туғанбай келіп, студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында мәслихат депутаты бүгінгі Қазақстан қоғамындағы саяси өзгерістер мен жаңашылдықтар, жастарға берілген мүмкіндіктер және жетістікке жету жолындағы алғашқы қадамдар туралы өзінің ой-пікірін ортаға салды.
-Мен ауылдың қарарайым баласымын. Өздерің сияқты мектепте, одан кейін жоғары оқу орнында білім алып, болашаққа мақсат қойдық. Бірақ, ол кезде болашақта депутат боламын деген ой болған жоқ. Себебі, біздің студент кезімізде депутат деген қарапайым адамның қолы жетпейтін, сөзі бармайтын бір биіктегі адамдар сияқты елестейтін еді. Ал қазір барлығы басқаша, қоғам жаңарды, жүйе өзгерді. Кез-келген уақытта қабылдауға келуге, мәселелерін жеткізуге болады. Егер, талпыныс болса, еңбек болса сіздерге де депутат болып, елге қызмет етуге мүмкіндік бар. Бұл Жаңа Қазақстанның жемісі, жаңа жүйенің көрінісі, - деді Асылбек Туғанбай.
Сонымен қатар, көшбасшылық пен көшбасшыаға қажетті қасиеттер, елімізде орын алатын саяси науқандарға белсенді қатысудың маңыздылығы туралы ойын білдірді. Студенттер де өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, депутатқа толғандырған сұрақтарын қойды.