"Nur Otan" партиясының облыстық филиалында Жанбол Жылбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы жанындағы Ғылым мен білімді дамыту жөніндегі Павлодар өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
15.12.2021
Қоғамдық кеңеске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Мұхамедьярова Айнура, Білім басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Әбенова, Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев, білім мен ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңесте келесідей мәселелер қарастырылды:
- қала мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу және жабдықтау туралы (пункт 84 облыстық жол картасы).
- ауылдық білім беру ұйымдарына кадрларды бекітудің жүйелі тәсілін іске асыру туралы.
- ТжКБ ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың тиімділігін кәсіби кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету (89-тармақ Облыстық Жол картасы).
- өңірде балалар мен жасөспірімдер үшін бұқаралық туризм мен спортты дамыту туралы жастар тәрбие мен дене дамуының ресурсы ретінде.
Күн тәртібіндегі бірінші үш мәселе бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Әбенова баяндады.
Екінші тоқсаннан бастап Павлодар қаласының № 1 және 7 ЖОМ, Ақсу қаласының № 8 ЖОМ, Шулембаева атындағы ЖОМ және әскери мектеп-интернатта оқу процесі басталды. Дарынды балаларға арналған БИЛ жөндеу жұмыстары келісімшарт бойынша жүргізілуде және жұмыстарды аяқтау 2021 ж. 30 қарашасына жоспарлануда.
Барлық педагогтарға, оның ішінде жас мамандарға әлеуметтік кепілдіктер, оның ішінде: тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алу бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бюджет қаражатынан белгіленген мөлшерде төлемдер қарастырылған. Облыс бойынша 8184 мұғалімге төлем жасалынып, оның ішінде 257 жас маман.
Жалпы, отырыс бойынша басқарламалармен мен аумақтық қоғамдық кеңестерге бірнеше ұсынымдар мен нұсқаулықтар берілді.