«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында білім және ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
09.12.2021
Жоспарлы шараға облыстық және аумақтың кеңес мүшелері, білім басқармасы мен құқық қорғау саласылының басшылары қатысты. Жалпы, жиын барысында қоғамда өзектілігін жоғалтпаган екі тақырып талқыланды. Олар: Қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі білім беру ұйымдарының қызметі. Және Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық істердің жай-күйі, тәрбие саласындағы жұмыстардың жүйелілігі.
Қазіргі таңда кәмелетке толмаған балалардың тәртібі мен олардың арасындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Әсіресе, мектептер мен білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне баса назар аударылған. Ұйымдастырылып отырған шараның да негізгі мақсаты сол. Қауіпсіздікті қадағалау, тәрбие жұмыстарына ден қою. Полиция қызметкерлерінің ұсынған статистикасына сүйенсек, соңғы 10 ай ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылық деңгейі 45,7 пайызға азайған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш бұдан да төмендейді деп үміттенеміз. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз.