Перейти к содержимому страницы.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ

06.03.2024

«Назарбаев Университеті» 2010 жылы құрылган саттен бастап еліміздің барлық университетгерімен тәжірибе алмасу бағытында қызмет етіп келеді. Университет Times Higher Education 2024 халықаралық университеттер рейтингі (THE WUR) бойынша үздіктер қатарына енді.

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне Назарбаев университетінің өкілдері келіп, ЖОО аккредиттеу жүйесі, университетте оқудың бейстандартты түрлері, талапкерлерді қабылдаудың халықаралық тәжірибесі, астрофизика зерттеулерін жүзеге асыру, ағылшын тіліндегі академиялық жазу, академиялық әділеттік бойынша тәжірибелерін бөлісті.

Назарбаев университетінен келген қонақтардың бірі – білім беруді басқару және халықаралық құқық салаларының магистрі Салидат Кобзина. Ол «Қазақстандағы ұлттық аккредиттеу жүйесі және оның жоғары білімге беретін мүмкіндіктері туралы мүдделі тараптардың пікірлерін талдау нәтижелері» тақырыбында семинар өткізіп, әріптестердің сұрағына жауап берді.

- Бүгінгі семинар барысында қазақстандық бағдарламалардың аккредитациясын өткізу және оған мүдделі тараптардың сол процеске деген көзқарасын айқындау болды. Негізі бұл өте күрделі тақырып, сондықтан бір сағаттың ішінде әріптестерге жеткізуге тырыстық. Семинарға қатысушылар тарапынан да түрлі сұрақтар түсіп, өте өзекті ұсыныстар жасалды. Атап айтсақ, академиялық ұтқырлық бойынша екі жаққа да тиімді ұсыныстар айтылды. Бұл мәселені басқа әріптестермен талқылайтын боламыз. Сондықтан бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болды деп санаймын, - деді Салидат Кобзина.

Сонымен қатар, Данияр Игібаев, Дана Алина, Andrew Drybrough, Oliver Mutanga түрлі тақырыптар бойынша дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті

Айта кету керек, Назарбаев университетінен келген спикерлердің барлығы Павлодар өңірінің тумалары. Яғни, кезінде осы өңірдегі жоғары оқу орындарын оқып, қазіргі күні Назарбаев университетінде түрлі зерттеулермен айналысып жүрген мамандар және тәжірибелері туралы зерттеу негізінде айтылған.