«Нұр Отан» партиясы жанындағы Білімді мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің отырысын өткіздік
02.03.2022
Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын әріптестерімізбен талқылап, қабылдадық. Кездесу барысында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл облыстың Жол картасының маңызды тармақтарының бірі.
Облыста мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігіне байланысты Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Павлодар ауданында 10 жаңа мектепке дейінгі ұйымды салу және ашу мәселесі талқыланды.
Балалар ескі, тар бөлме-жайларды қиналмауы керек. Біздің міндетіміз – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық заманауи жағдайларды жасау.