«ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТІЛ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» З.ТЕМИРГАЗИНАНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЛЕКЦИЯСЫ
24.12.2020
2020 жылдың 23 желтоқсан күні филология ғылымдарының докторы, ППУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Темірғазина Зифа Қакбайқызы халықаралық деңгейде көпшілік алдында жыл сайынғы дәрісін өткізді.
Профессор З. Темірғазинаның «ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТІЛ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» дәрісі қазіргі эпидемологиялық жағдайдың тілге ықпалын ашып көрсетеді. Профессордың дәрісін тыңдауға П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері, ППУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, мұғалімдер, докторанттар мен магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысты.