Перейти к содержимому страницы.

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЪЕЗІ

06.11.2023

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім бағдарламасының оқытушылары Әдемау Ақылбекова, Мергүл Құлахметова, Бибігүл Нығметова және Мейрамгүл Рамазанова Астанадағы Қазақ-неміс орталығында өткен неміс тілі мұғалімдерінің кезекті съезіне қатысты.

Аталған іс-шараны Гете-институт және «Возрождение» Қазақстандық немістер қауымдастығы қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Дәстүрлі съезд неміс тілі мұғалімдерінің әдістемелік және дидактикалық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, тілдік құзыреттілігін арттыру, Гете-Институттың ағымдағы жобаларымен танысу мақсатында өткізіледі.

Съезде оқытушылар неміс тілін оқытудың жаңа әдістері туралы біліп қана қоймай, республиканың басқа аймақтарындағы әріптестермен Қазақстандағы неміс тілін қайта жаңғырту жолдары мен проблемаларын талқылады.

Ұйымдастырушылар съезге қатысушыларға Германияның жоғары оқу орындарында жоғары білім алу, барлық мамандықтар бойынша тағылымдамадан өту, тіл курстарынан өту, оқулықтар алу, академиялық алмасу бағдарламалары, студенттер мен неміс тілі оқытушыларына арналған стипендиялық бағдарламалар туралы айтып берді.

Айта кету керек, білім беру бағдарламасының ұстаздары түрлі курстар мен семинарларға қатысып, өздерінің тілдік деңгейлері мен кәсіби құзыреттіліктерін үнемі жетілдіріп отырады.