Перейти к содержимому страницы.

Назарбаев зияткерлік мектебімен әдістемелік вебинар өтті

26.04.2021

2021 жылдың 24 сәуірінде Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдеріне арналған "Оқушылардың зерттеушілік қызметі танымдық әрекетті қалыптастыру құралы ретінде" тақырыбында әдістемелік вебинар өтті. Вебинар ұйымдастырушылары Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі  мен "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ "География" және "Химия" білім беру бағдарламалары. Вебинар жұмысына Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 80 оқытушысы қатысты.

Шараның модераторы Павлодар қаласының НЗМ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, "Химия" ББ докторанты Бабич Ирина Михайловна болды. Вебинар тақырыбы бойынша техника және технология магистрі, "География" және "Химия" ББ аға оқытушысы, Музыка Светлана Геннадьевна баяндама жасады. Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары оқушылардың ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарын жүргізу және рәсімдеу бойынша сұрақтарға жауап беріп мен ұсыныстар айтты.

 

 zoom

zoom2

zoom3

zoom4