Перейти к содержимому страницы.

Назарбаев университетімен бірлескен ғылыми зерттеулер

11.11.2021

Павлодар педагогикалық университетінде 2021 жылғы 10-13 қарашада Назарбаев Университетімен ынтымақтастық шеңберінде "Қазақстандағы жоғары білім мен мемлекеттік қызметте гендерлік теңдік саясатын қолданысқа енгізу" жобасы бойынша зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу жобасы Қазақстан үкіметінің жоғары оқу орындары мен жергілікті жерлердегі мемлекеттік мекемелердегі гендерлік проблематиканы есепке алу жөніндегі саясатын іске асыруға негізделеді.
Павлодар педагогикалық университетінде "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасында Пекин платформасының жүзеге асырылуы туралы Ұлттық баяндамаға сәйкес "Педагогика және психология бойынша гендерлік зерттеулер"курстары енгізілді.

Аталған курстың болуы гендерлік зерттеулер проблемасымен айналысатын шетелдік сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Назарбаев Университеті Павлодар педагогикалық университетімен сабақтарға қатысу, оқытушылармен және магистранттармен сұхбат арқылы зерттеулер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сараптау тобының өкілі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің гендерлік жоба бойынша зерттеушісі (PhD), әлеуметтік антрополог Рахимжанова Арай Болатқызы ЖОО әкімшілігімен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Гүлмира Аманғалиқызы Сүлейменова, Педагогика жоғары мектебінің деканы Ботагоз Амангелдіқызы Нұрмағанбетова, "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының жетекшісі Арна Жартайқызы Аплашовамен кездесті.

Арай Рахымжанова "Педагогика және психология"білім беру бағдарламасының аға оқытушыларының сабақтарына қатысты. Зерттеуші сабақтардың инновациялық технологиялар элементтерін тиімді пайдалана отырып өткенін атап өтті: рөлдік ойындар, жұптық топтық жұмыс, формативті бағалау, проблемалық жағдайларды қою және шешу. Ол сондай-ақ оқытушылар жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жарқын үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Сарапшы 1-2 курс магистранттарымен сұхбат жүргізді, оны гендерлік пәндерді оқу процесінде магистранттардың гендерлік түсініктерін өзгерту және қалыптастыру, олардың гендерлік теңдік мәселелеріне қатынасы мәселелері қызықтырды. Арай Болатқызы магистранттардың белсенділігін, диалогқа ашықтығын, гендерлік мәселелерге қызығушылықты, олардың елде болып жатқан нақты оқиғаларға объективті бағасын атап өтті.

Қорытындылай келе, ол біздің жоғары оқу орнымызбен жаңа зерттеулер жүргізуде, оқытушылар құрамы мен білім алушылар үшін семинарлар ұйымдастыруда, гендерлік пәндер оқытушыларына қолдау көрсетуде одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.