Назарбаев Университетімен бірге ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда
07.04.2021
ППУ Жаратылыстану жоғары мектебі мен Назарбаев Университетінің білім беру жоғары мектебі бірігіп «Қазақстанда STEM саласында мұғалімдерді даярлауда педагогикалық және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру: ғылыми-практикалық әріптестік» ғылыми-зерттеу жобасын (2021-2023 жж.) іске асыру бойынша онлайн-кеңес өткізді.
Зерттеудің мақсаты STEM саласындағы мұғалімдерді даярлаудың жай-күйін неғұрлым терең түсіну және Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметін трансформациялау мүмкіндігін зерделеу болып табылады.
Бірлескен жобаны іске асыру бойынша мәселелерді талқылауда Назарбаев университетінің профессоры, доктор Бриджет Гудман, доктор Әсел Қамбатырова сөз сөйлеп, зерттеу бағыттарын ұсынды. ППУ Жаратылыстану жоғары мектебінінің деканы В.Н.Алиясова және Информатика білім беру бағдарламасының жетекшісі Г.Ш. Нұрғазинова жобаның зерттеу мәселелері туралы тоқталып, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын биология, химия және физика саласындағы оқытушылардың қажеттіліктері туралы сұраныстарын білдірді.
STEM бағытында білім беру, көптілді білім беру, пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) саласындағы зерттеудің негізгі бағыттарын анықтай отырып, жобаның іске асырудың кейінгі кезеңдері айқындалды, сондай-ақ жобаның аралық мақсаттары белгіленді.