Перейти к содержимому страницы.

НАУРЫЗДЫ ӨЗБЕКСТАНДА ҚАРСЫ АЛҒАН MU СТУДЕНТТЕРІ

24.03.2026

Бегім Көкен, студент

Қазіргі таңда біз Өзбекстан елінде Наурыз мерекесін атап өтудеміз. Шетелде жүріп, туған жердің қадірін бұрынғыдан да терең түсіне бастадым. Наурыз мерекемен қатар жаңару, бірлік пен мейірімділіктің символы. Әрдайым шетелдік достарыма Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен мәдениеті туралы мақтанышпен айтып жүремін

 

Зарина Тулеубаева, студент

 Мен қазіргі уақытта Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алудамын. Біз Өзбекстан елінде Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен қарсы аламыз. Себебі мереке күні көпшілік ұлттық тағамдар дайындап, бір-біріне ізгі тілектер айтып, мерекені бірге атап өтеді. Наурыз — көктемнің келуін білдіретін, адамдарға қуаныш сыйлайтын ерекше мереке. Мен бұл мейрамның атмосферасын өте жақсы көремін.

 

Мағжан Баяхметов, студент

Мен қазіргі уақытта Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алудамын. Біз Өзбекстан елінде Наурыз мейрамын кеңінен атап өтеміз. Бұл мереке адамдарды біріктіріп, достық пен сыйластықты нығайтады. Көшелерде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен концерттер өткізіледі. Наурыз — әр адамға жылулық пен қуаныш сыйлайтын ерекше күн