«NAURYZIADA-2026» ҚОРЫТЫНДЫСЫ
18.03.2026
Марғұлан университетінде «NAURYZIADA-2026» студенттік спартакиадасының қорытындысы шығарылды. «Digital Nauryz» мерекесі аясында іс- шара спортты, зияткерлікті және ұлттық дәстүрлерді тоғыстырды.
Еске сала кетейік, жарыстар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі және арқан тарту түрлері бойынша өтті.
Спартакиада нәтижесінде тоғызқұмалақтан ИнЕУ колледжінің студенттері топ жарып, Марғұлан университеті мен М. Қанапиянов атындағы колледж командаларын артта қалдырды. Ал қазақ күресі мен қол күресінен Марғұлан университетінің командасы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Арқан тарту сайысы да тартысты өтті: ұлдар арасында М. Қанапиянов атындағы колледж жеңімпаз атанса, қыздар арасында Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі үздік нәтиже көрсетті.
Жалпы жүлде қоры шамамен 500 мың теңгені құрады.
«NAURYZIADA-2026» өз мәресіне жеткенімен, оның атмосферасы, жарыс рухы мен ұлттық дәстүрге деген құрметі қатысушыларды әлі де жаңа жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.



