Перейти к содержимому страницы.

НАУРЫЗИАДА – 2025

17.03.2025

Наурыз мерекесіне орай Марғұлан университетінде спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шараға өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерден 100-ге жуық спортшы қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөзі Өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Валентина Лебедеваға ұсынылды. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, Наурыз бен қасиетті Рамазан айындағы жарыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында "Мұнда жүзден жүйрік жеңімпаз атана алады. Сіздерге жеңіс жолында сәттілік серік болсын!" — деп ақ тілегін арнады

Наурызияда бағдарламасында бес қызықты спорт түрі бар: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, бес асық және арқан тартыс. Сайыстар жеке және командалық есепте өтеді.