МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
27.05.2022
Зерттеулерді қолдау жөніндегі департаменті Павлодар және облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Семинар жетекшілері б.ғ.к., қ. профессор Байдалинова Б.А., Педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы Утилова А.М. талқылауға мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерді ұсынды.
Тыңдаушыларды «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау», «Зерттеу жұмысын жобалау және бағалау критерийлеріне қойылатын негізгі талаптар», «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына ынтасын арттырудың негізгі әдістері» сынды сұрақтар қызықтырды. Тақырыпты, мақсатты, міндеттерді, объект пен пәнді, зерттеу гипотезасын тұжырымдау дағдыларын дамытуға бағытталған тренинг барысында мұғалімдер де жоғары белсенділік танытты.
Ғылыми-тәжірибелік семинар бағдарламасына кәсіптік бағдар беру блогы да енгізілді, онда университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.
ЖОО-ға дейінгі және кәсіптік бағдар беру бөлімінің бастығы Мусанова Г.М. жиналғандарға университетке түсу ережелері және магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша бөлінген гранттар туралы айтып берді.