«НАТУРАЛИСТ» ЛАГЕРІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ДЕМАЛЫС КҮНДЕР
22.06.2023
«Натуралист» жазғы лагерінің жас биологтары мен экологтары Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Табиғат мұражайына экскурсияға барды. Балалар мәдени өсімдіктер туралы дәріс тыңдап, олардың емдік қасиеттері, ағаш өсімдіктерінің түрлері, ағаш құрылымы туралы мағлұмат алды. Бауыраяқтылардың, қосжарнақтылардың, құстардың, буынаяқтылардың палеонтологиялық экспонаттарын қарастырды. Университеттің гербарий коллекциясымен танысты.
Сонымен қатар оқушылар Павлодар ауылының маңындағы экскурсияға барды. Балалар жергілікті флораны зерттеп, құстардың түрін дыбыспен анықтауға тырысты. Бақаларды, көбелектерді жақыннан көрді.
-Біз өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы дәріс тыңдап, кез-келген өсімдік табиғатта қажет екеніне көз жеткіздік. Бұл экскурсияларды профессор, биология ғылымдарының докторы Наталья Евгеньевна Тарасовская жүргізді. Оған балалар мен студенттердің ғылымға деген сүіспеншілігін арттырғаны үшін рахмет, - дейді студенттер.
Жазғы мектеп аясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтар күніне арналған "Экология және қазіргі заман" атты кездесу ұйымдастырылды. Биология ғылымдарының докторы, профессор Н.Е. Тарасовская "Жұмбақтарға толы ғажайып табиғат" презентациясын көрсетті. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсенді қатысты. Экологиялық ойын балаларға өз білімдерін көрсетуге, табиғатты қорғау мен экологияның алуан түрлі тақырыптары бойынша көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді.
Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен кездесуде "Табиғат-баға жетпес сыйлық" жобасы аясында "Біздің адал досымыз - жолжелкен" слайдтары көрсетілді. Жазғы мектеп жетекшісі Н.Е. Тарасовская оқушыларға жолжелкен сияқты өсімдіктің пайдалы қасиеттері туралы айтып берді.