«НӘТИЖЕЛІ ЖЫЛ, ЖАҢА БЕЛЕСТЕР: РЕКТОРДЫҢ АШЫҚ ЕСЕБІ»
11.12.2025
Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ержан Әмірбекұлы 2024–2025 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімдігі өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің қатысуымен кеңейтілген есептік кездесу өткізді.
Жиын барысында ректор университеттің оқу үдерісін жаңғырту, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, халықаралық серіктестіктерді кеңейту, білім сапасын күшейту және инфрақұрылымды дамыту бағыттарында жасалған негізгі жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге жаңа білім бағдарламаларының ашылуы, студенттердің жетістіктері, академиялық ұтқырлық көрсеткіштері, цифровизация процесі және әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде баяндама жасады.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Әсіресе, білім беру сапасын бағалау, жастар саясаты, кадрлық әлеуетті күшейту, университеттің өңірлік даму стратегиясындағы рөлі және алдағы жоспарлар төңірегінде болды.
Сондай-ақ Ержан Әмірбекұлы университеттің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен және мерейлі марапаттармен марапаттап, олардың адал еңбегі мен бастамашылдығына жоғары бағасын берді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университеттің қоғам алдындағы ашықтығын тағы да айқындай түсті.


