Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ АРДАГЕРЛЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ!

25.05.2022

Павлодар педагогикалық университетінің ардагерлер командасы Облыстық ардагерлер ұйымының 40 жылдығына арналған «Дені саудың – жаны сау» атты қалалық ардагерлер спартакиадасына қатысты.

Оқу орнының ардагерлер кеңесінің төрайымы Жұмабике Бақаеваның айтуынша, жарыс спорттың 4 түрінен: үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол добын себетке лақтыру сынды сайыстарда өтті.

Жұмабике Бақайқызы әлі де қатарда, No1 Студенттер үйінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Әріптестерімен араласу, денсаулығын сақтау, позитивті болу үшін спортпен шұғылданады. «Спорт адамға денсаулық, сұлулық пен күш-қуат әкеледі, қарым-қатынас қуанышы мен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Мен барлық сүйікті ардагер әріптестерімді денсаулықтары мен өмірге оң көзқарасы үшін спортпен шұғылдануға, балалары мен немерелеріне үлгі болуға шақырамын», – дейді Жұмабике Бақайқызы.

Ардагерлердің қалалық спартакиадасы аға ұрпақты дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына баулу, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің патриоттық ерліктерін насихаттау мақсатында өткізілуде. Жарыстар жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары сергектік пен жағымды эмоциялардың керемет зарядын алды.