Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІЛЕР ЕРЕЙМЕНТАУДА!

03.03.2022

Кәсіптік бағдар беру аясында университетіміздің өкілдері Ақмола облысының Ерейментау қаласында болып, мектеп түлектерімен және ұстаздар қауымымен кездесті.

Соңғы жылдары Ақмола облысының көптеген түлектері біздің университетті таңдайды. Бүгінде біздің түлектер Ерейментау қаласындағы барлық дерлік мектепте еңбек етуде. Педагогикалық мамандықтарға оқуға түсуге биылғы мектеп түлектері де қызығушылық танытуда.

Кездесу барысында қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Алмаз Қайыргелдіұлы Кенжеғалин мен Педагогика жоғары мектебінің докторанты Арсланбек Ерболатұлы Мұхаметқайыров студенттерге университеттің мамандықтары мен

М.Қанапиянов атындағы Жоғары колледж, педагогикалық мамандықтарға түсудің артықшылықтары туралы айтып берді.

Мектеп ұстаздарына бізді жылы қабылдап, болашақ талапкерлермен кездесуге барлық жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз!