Перейти к содержимому страницы.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ДИПЛОМЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

20.04.2022

"Тарих" білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Баймульдина Самал мен т.ғ.к., профессор Аймекен Мерекеқызы Сыздыкованың мақаласы "XXII Сәтбаев оқулары" халықаралық конференциясының II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Біздің университетімізден "Тарих" білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Баймульдина Самал Жанболатқызы т.ғ.к., профессор Сыздыкова Аймекен Мерекеқызының ғылыми жетекшілігімен "Павлодар облысы бойынша қалалық білім басқармасы мен облыстық білім бөлімінің дамуы" тақырыбында мақала ұсынды.

Бұл мақалада Павлодар облысы мен қаласының білім беру жүйесінің хронологиялық дамуы Павлодар облысының мемлекеттік архиві материалдары негізінде қарастырылды. Мақала тақырыбының өзектілігі жаңартылған білім беру мазмұны, «Мәңгілік ел», «Білім» мемлекеттік бағдарламалары, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында білім беру мен білім беруді басқару жүйесі дамуының тарихи тәжірибесін ескерудің қажеттілігімен айқындалады.

II дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен марапатталған Баймульдина Самалдың мақаласы "XXII Сәтбаев оқулары" халықаралық конференция жинағында жарияланды.

Еске сала кетейік, Торайғыров университетінде өтетін "XXII Сәтбаев оқулары" Халықаралық ғылыми конференциясына жыл сайын оқушылар, ЖОО студенттері, колледж студенттері, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар қатысады. Биылғы жылы конференцияға Қазақстанның әр облысынан, көрші елдерден жалпы екі мыңдай ғалым қатысты. Ғылыми пікірталас алаңына қатысқан ғалымдар сапалы жұмыстарын көрсетіп, зерттеу нәтижелерімен бөлісті.