МУЗЕЙДЕ ОРЫС ТІЛІ САБАҒЫ ӨТТІ
19.09.2022
М.И. Цветаева атындағы Әдебиет мұражайында «Тарих» мамандығының 1 курс студенттерімен ерекше сабақ өтті.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-зерттеуші Галина Николаевна Старченко «Бұқаралық және дәстүрлі мәдениет» тақырыбында орыс тілі сабағын өткізді.
«Мұражай сабақтарын сыныпта емес, тікелей мұражайда өткізудеміз. Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мол білім беретін жаңа білім беру ортасы», – дейді Галина Николаевна.
Мұражайға барар алдында студенттер мәтіндерді талдай отырып, бұқаралық мәдениеттің негізгі белгілерімен, функцияларымен және бағыттарымен танысты, сұрақтар құрастырды, кластер мен синквейн құрады, «Бұқаралық мәдениет: жақтайсыз ба, әлде қарсысыз ма?» тақырыбында диалог көрсетті. Келесі жоспар бойынша мәдениет нысаны ретінде мұражайға бару болды.
Мұражай 2013 жылдың 4 қаңтарында Павлодар қаласының бұрыңғы славян мәдени орталығында ашылды. Мұражайды ұйымдастырушы – танымал ақын, журналист, публицист, әдебиеттанушы Ольга Николаевна Григорьева. Студенттер Цветаевтар отбасы туралы әңгімені зор ықыласпен тыңдады. Балалар апалы-сіңлі Цветаевалардың өмірбаянымен танысты, автордың орындауындағы Марина Цветаеваның өлеңдерінің жазбасын тыңдады.
Сонымен қатар, балаларға «Марина Цветаева» ақ-қара түсті диафильм көрсетілді, ақынның Павлодарда болған кезеңі туралы айтылды. Мұражай экспонаттары үлкен қызығушылық тудырды: кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер, картиналар.
Мұражайды аралаған соң студенттер өз пікірлерін жазды. «Біз тобымызбен Анастасия мен Марина Цветаеваның мұражайында болдық. Мұражай директоры Ольга Николаевна апалы-сіңлілі екеуінің өмірбаянын толық айтып берді. Мен Анастасия Цветаеваның Павлодар қаласында Карл Маркс көшесі, 262 үйде 18 жыл тұратынын білдім, демалыс күні осы мекен-жайға барып, сол үйді көремін деп шештім. Осындай қызықты экскурсия үшін Галина Николаевнаға алғыс айтамыз!», - деп жазады Бекжан Болатбеков.
«Мұражай ішінде керемет атмосфера болды, - деп жалғастырады Айтқазинов Мәди, - бұл кішкентай бөлме сияқты көрінді, бірақ айналаға қарасаңыз, өткеннің шындығын көруге болады. Мұражайдың арқасында мен Цветаевтардың өмірбаянын біліп қана қоймай, олар өмір сүрген уақыттың атмосферасын сезіндім».
Көпшілігі қаламызға алғаш рет келген барлық студенттерге арналған бұл сабақ ұзақ уақыт бойы есте қалады.
Студенттер 2022 жылдың 25 қыркүйегінде Ленпаркте өтетін 18-ші Цветаева алауының қатысушысы болғысы келетіндерін білдірді.