Перейти к содержимому страницы.

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

10.02.2021

2021 жылғы 28 қаңтарда Павлодар қ. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы, Павлодар педагогикалық университетінің «Margulan Centre» орталығы Қазақстан Республикасы музейлерін дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған «Музей қызметін ұйымдастырудағы педагогикалық инновациялар» атты вебинар өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты: Павлодар қаласындағы мектеп музейлерінің қызметін талдау және зерделеу, қосымша білім беру педагогтерінің, мектеп музейлері басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру.

Вебинардың спикерлері болып ҚР Ұлттық музейінің туристік қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Рахтаева Айгүл Нүриденқызы; ҚР Ұлттық музейінің музейлерін дамыту орталығының біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ғылыми қызметкері Мұхамеджанова Роза Анасовна; ҚР Ұлттық музейінің қор жұмысы қызметі басшысының м.а. Ақпасова Батеш Рахметжанова сөз сөйледі.

Павлодар педагогикалық университеті атынан ППУ-дың Margulan Centre «Рухани жаңғыру» зертханасының меңгерушісі Абеуова Еңлік Қабыкенқызы мен "YMAI" Margulan Centre халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Крупа Татьяна Николаевна баяндама оқыды.

Вебинар барысында білім беру саласындағы музейлердің қызметін ұйымдастырудағы өзекті мәселелері айтылып, музей қызметінің түрлі бағыттары бойынша практикалық ұсыныстар жасалды.

Вебинарды ұйымдастыруға көрсеткен әдістемелік көмегі үшін «YMAI» Margulan centre Халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа Павлодар қаласының білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

muzei

muzei2muzei3

 muzei4