МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ӨМІРІНЕ АРНАЛҒАН СПЕКТАКЛЬ
21.02.2025
Биыл қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанынына 94 жыл. Марғұлан университетінің гуманитарлық жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ақынның туған күніне арналған "Өлеңмен өрілген өмір" әдеби-сазды кешін өткізді. Кеш барысында ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылып, өлеңіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін спектакль қойылды. Онда Мұқағалидың рөлін жас ақын Рамазан Дәуренбекұлы сомдап, өлеңмен өрілген өмірін көрермен көзалдына әкелді.
Кеш соңында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің вице-деканы Данияр Кәрімұлы ақиық ақынның шығармашылығын насихаттап жүрген студенттерге алғысын айтты.
