МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ МОТИВАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
29.10.2025
№11 жалпы білім беру мектебі мен Марғұлан университеті арасындағы ынтымақтастық аясында бүгін ең өзекті тақырыптардың бірі — мұғалімдер мен оқушылардың мотивация мәселесіне арналған практикалық семинар өтті.
Семинар барысында шет тілдерін оқытудың заманауи әдістемелері, тәжірибе алмасу және педагогтар мен оқушылардың мотивациясын арттыру жолдарына ерекше көңіл бөлінді.
Шара аясында қызықты және мазмұнды баяндамалармен Марғұлан университеті «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Алия Жолдабаева және Түркиядан шақырылған оқытушы Мустафа Режеп Инсар Асар сөз сөйледі. Ол осы оқу жылында аталмыш бағдарламада студенттерге екінші шет тілі ретінде түрік тілін оқытушы ретінде қызмет атқарып жатыр.
Олардың идеялары, практикалық тәжірибесі және кәсіби көзқарасы семинар қатысушылары үшін үлкен шабыт көзіне айналды.
Қатысушыларға құнды білім, мотивация және жылы қарым-қатынас үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!


