МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15.04.2024
Бүгін Марғұлан университетінде «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім мен ғылымның сапасы» атты XIX халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған конференцияға елімізге алыс-жақын бірнеше елден келген студенттер, магистранттар қатысып, тақырыпқа қатысты баяндама жасады. Шараның ашылуымен университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Серік Ильясов құттықтап, бүгінгі ғылым білім саласындағы жұмысы туралы баяндады.
- Жыл сайын студенттеріміз тарапынан бұл конференцияға қызығушылық артып келе жатқанын атап өткім келеді. Әрине, бұл ғылыми-зерттеу саласының дамуына елеулі қадам болды. Еліміздің әр өңірінен келген жас және тәжірибелі ғалымдардың пікір алмасуына ықпал етіп, ғылым мен тәжірибенің байланысын сақтайды. Біздің университет 60 жылдан астам уақыт бойы Республикамыздың білім беру саласы үшін кадрлардың қайнар көзі болып саналады. Университетіміздің түлектері еліміздің оқу орындарында өз қызметін табысты жалғастыруда. Университетте 5 мыңнан астам студент бар. Әлемнің әр түрлі елінен 93 шетелдік студент білім алуда,- деді ол.
Сонымен қатар, «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша магистранты Даурен Сулекеев «Тарих сабақтарында тарихи тұлғаларды оқыту» тақырыбында, Нигериядан келген «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Oragwuncha Cynthia Kaosisochukwu «Features of the influence of parental control on children's autonomy in Nigerian and Kazakh families» тақырыбында, Садриддин Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (Тәжікстан) студенті Мохсафар Юсупова «Тәжікстанда оқу мүмкіндіктері» туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейханов атындағы Семей университеті 2 курс студенті Диляра Мавленова «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде медиа технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында, Мөлдір Сағиденова «Бастауыш мектеп оқушыларында көрініс беретін эмоциялық күйдің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы баяндама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.