Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ВИКТОР КОЛЬЕВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

22.04.2025

Бүгін Марғұлан университетінде көрнекті педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Павлодар облысының құрметті азаматы, профессор Виктор Тихонович Кольевтің 85 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Юбилейді атап өту рәсімі ресми күннен бірнеше күн бұрын басталды. Спорт факультетінің 1983 жылғы түлектерінің бастамасымен Екібастұзда мерейтой иесіне арналған алғашқы шара өтті.

Мерейтойлық шаралардың басты оқиғасы Марғұлан университетінің қабырғасында өткен форум болды. Виктор Тихоновичтің 100-ден астам тәрбиеленушілері — әлемдік чемпиондар мен жүлдегерлер, ғалымдар, академиктер, жаттықтырушы-әріптестері жиналып, Ұстазға алғыстарын білдірді.

Мерейтой иесіне құттықтау сөзбен Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы шықты: «Виктор Тихонович — бұл бүтін бір дәуір. Оның өмір жолы, өзіне деген адалдығы мен кәсібіне берілгендігі мыңдаған жастар үшін үлгі болды. Ол тек педагог және жаттықтырушы ғана емес, ол — мінездерді тәрбиелеуші, шынайы адамгершілік құндылықтардың дәріптеушісі. Біз оның университет тарихының бір бөлігі болғанына мақтанамыз».

Ректор министр Саясат Нұрбектің құттықтау адресін оқып берді. Сондай-ақ облыс әкімі Асаин Байхановтың және Виктор Тихоновичтің алғашқы түлектерінің жылы лебіздері айтылды.

Форумға қатысушылар «Дене шынықтыру және спортты дамытудағы жетістіктері үшін» естелік мерейтойлық медалімен марапатталды.

Виктор Тихонович Кольевтің 85 жылдығы тек жеке мереке ғана емес, аймақтың спорт және білім беру өміріндегі маңызды оқиғаға айналды, ұрпақтарды біріктіріп, шынайы педагогикалық мұра шәкірттердің жүрегінде өмір сүре беретінін айқын көрсетті.