Перейти к содержимому страницы.

"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ: СТУДЕНТТЕР ӨЗ БІЛІМДЕРІН КӨРСЕТТІ

12.04.2024

Университетте биыл мерейтойлары өтіп жатқан Қазақтың көрнекті ғалымдары Қ.И.Сәтбаев, А.Х.Марғұлан және К.А.Ақышев мерейтойларына арналған зияткерлік ойыны өтті.

Мақсаты - тарихи тұлғалардың өмірін және еңбек жолын дәріптеу. сондай-ақ тарихшы ғалымдар Қ.И.Сәтбаев, А.Х.Марғұлан, К.А.Ақышевтің Отан тарихын дамытуға қосқан үлесін кеңінен насихаттау.

Сайысқа Margulan University гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебініі және Торайғыров университеті «Тарих» мамандығының 1 және 2 курс студенттері арасында қатысты.

Әр команда құрамында 4 студент өнер көрсетті. Сайыс 4 кезеңмен өтті. Бірінші – «Мансапқа апарар жол», екінші – «Данышпандар хроникасы», үшінші – «Тапқырлар алаңы», төртінші- «Қара жәшік». Студенеттердің білімін гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Анар Кәрімова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Құдайбергенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Зәмзәгүл Сабданбекова, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Гүлнәр Тохметова бар қазылар алқасы бағалады.

Ойын қорытындысы бойынша, «Банда четырех» командасы (Марғұлан университеті), екінші орынды «Аргонавттар» (Торайғыров университеті), үздік үштікті «Геродоттың шәкірттері» (Марғұлан университеті) түйіндеді. «Ұйымшыл» номинациясы бойынша «Жеті Қазына» (Торайғыров атындағы университет) командасы марапатталса, «Дебют» номинациясы бойынша «Марғұлан жастары» командасы марапатталды.