Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ "ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ" ӨТІП ЖАТЫР

10.10.2024

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналған "Тілдер апталығы" өтуде. Дәстүр бойынша бірінші апта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тіліне арналды. Осы аптада студенттер мен оқытушылар қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығын талқылайтын дәрістер мен конкурстар өткізді. Оған студенттер де белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. 30 қыркүйектен бастап "Орыс тілі апталығы" басталды. "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері, сондай-ақ, басқа да мамандықтардың өкілдері Павел Васильевтің мұражайына барды. Тілдер апталығының ең белсенді қатысушылар дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Қазір университетте "Ағылшын тілі апталығы" өтуде, оның аясында тілдік дағдылар бойынша семинарлар, дәрістер мен жарыстар өтеді, бұл студенттердің халықаралық тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. "Тілдер апталығы" студенттер мен оқытушылардың тіл меңгеру сауаттылықтарын дамытуға бағытталған маңызды оқиға болды.