Перейти к содержимому страницы.

MU ТАРИХШЫСЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН МЕКТЕБІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

04.03.2025

Бүгін Павлодар қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде ұлт зиялысы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханға арналған кездесу өтті. Шара Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан онкүндігі аясында өтті. Оған Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Болат Құдайбергенұлы арнайы шақырылып, мектеп ұжымы мен білім алушыларына тағылымды дәріс оқыды.

Дәріс барысында ғалым Әлихан Бөкейханұлының өмірі, қайраткерлік жолы, ұлттық мүдде үшін атқарған еңбегі туралы мазмұнды ақпарат берді. Оқушылар мен ұстаздар Алаш көсемінің тарихи мұрасына қатысты қызықты деректермен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Бұл кездесудің мақсаты – жас ұрпаққа Алаш арыстарының ел болашағы үшін сіңірген еңбегін насихаттау, олардың идеяларын жаңа заман талабымен ұштастыра отырып, өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Ұлт тарихын тану – елдің жарқын болашағына бастар жол.