ТАРИХИ НЫСАНДЫ ҒЫЛЫМИ-РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
22.10.2024
Марғұлан университетінің басқармасы Археологиялық зерттеулер институты ғимаратындағы ғылыми-реставрациялау жұмыстарымен танысты. Осы жұмыстың басталғанына бес ай уақыт өтті.
Ғимарат 1909 жылы салынған, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Бір кездері ол университеттің балансына берілді бірақ ол кезде кезінде таризи ғимараттың тозығы жетіп тұрған еді.
Университет басшылығынык шешімі бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен, мемлекеттік сатып алу тетігі арқылы ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобасына тапсырыс берілді. Оны осы салада мол тәжірибесі бар «Күмбез» мамандандырылған жобалау-реставрациялау фирмасы» ЖШС дайындады. Жобаны әзірлеу кезінде ғимараттың барлық тарихи-архитектуралық сипаттамалары ескеріліп, оның бастапқы дизайны барынша сақталуы қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылы мердігер компания анықталып, «Тұран» тарихи-мәдени зерттеулер орталығы» ЖШС тарихи-реставрациялау жұмыстарын бастаған болатын. Жалпы, бұл жобаны іске асыруға 139 млн. 299 мың теңге бөлінді. Маусым айының басында жұмыс басталды және қазіргі уақытта негізгі жұмыстар аяқталды: жылу жүйесі іске қосылды, тарихи нұсқасын сақтай отырып, шатырдың төбесі қалпына келтірілді, терезелер ауыстырылды, еден арқалықтары нығайтылды және жертөле мен бірінші қабат арасында баспалдақ маршруты салынды.
Келесі кезең - ғимараттың тарихи көрінісін сақтай отырып, қасбетін қалпына келтіру жұмысы жүріледі. Сонымен қатар, жобаға сәйкес академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның бюстін орнату қарастырылған.