Перейти к содержимому страницы.

MU СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

15.04.2025

Қырғызстанда "UMAI" халықаралық мәдени мұраны сақтау және реставрациялау зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа халықаралық онлайн-семинар өткізді. Бұл іс-шара археологиялық текстильді сақтау мәселелеріне арналды және Марғұлан университетінің Американдық Орталық Азия университетімен (АОАУ) ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Марғұлан университетінің "Археологиядағы консервация және реставрация" курсы бойынша оқитын студенттері қатысты. Олар АОАУ студенттерінің Қырғызстандағы Орто-Токой ескерткішінде табылған археологиялық текстильдік заттарды сақтау бойынша тәжірибесімен танысты.

Семинар қатысушылары арасында тікелей байланыс және тәжірибе алмасу форматында өтті. Семинардың қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенттері Американдық Орталық Азия университетінен халықаралық академиялық жұмысқа қатысқандығын растайтын сертификаттар алды.