МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ — VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
21.04.2025
Қостанайда VI Жастар спорт ойындары — төрт жылда бір рет өткізілетін ауқымды спорттық шара өтті. Ол барлық спорт түрлерін қамтиды. Сайыстарға 17 облыстан жас спортшылар қатысқан.
Марғұлан университетінің студенттері осы ойындарда тамаша нәтижелер көрсетті. ДШжС-36 тобының студенті Садвакасов Бижан 90 кг салмақ дәрежесінде дзюдодан қола медаль жеңіп алды.
Ал "ДШжС" білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Нуржол Бакытхан ұлттық спорт түрі — қазақ күресінен күміс медаль иеленді.
Біз спортшыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!