Перейти к содержимому страницы.

MU СТУДЕНТТЕРІ ГЕРМАНИЯНЫҢ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

20.02.2025

Марғұлан университетінде FAV (Германия,Тюрингия) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттеріне профессор Х. Шулер мен Д. Левицкий Германиядағы дуальді оқыту бағдарламасын таныстырды.

Олар сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып, кәсіби мектептерде осы бағыттар бойынша білім алып, кейіннен Германияда жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы бөлісті. Бұл бағдарлама студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Аталған бағдарламаға қатысудың басты шарты – неміс тілін B2 деңгейінде меңгеру. Бұл студенттер үшін неміс тілін үйренуге және сапалы білім алуға деген ынтасын арттырды!