Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ ОҚУ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

01.07.2024

Жаратылыстану жоғары мектебіне қарасты «География-тарих» білім беру бағдарламасының ГТ-31, 32 тобы студенттері оқу тәжірибесінен өтті. Практиканың алғашқы аптасында жұмыс жоспарларымен және қауіпсіздік ережелерімен танысты. Содан кейін «Павлодар алюминий зауыты», «Павлодар электролиз зауыты», «Казгидромет метеорологиялық орталығы» (Павлодар филиалы) жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты. 

Оқу тәжірибесінің екінші жарытысы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нің Сібе көлдері аумағында орналасқан оқу практика базасында жүргізілді.
Практика барысында Сібе көлдері аумағында топырақ қимасын түсіру, топографиялық түсірілімдер жасау, жергілікті жердің метеорологиялық бақылаулар мен көл және бұлақ суларына гидрологиялық бақылаулар жүргізілді. 

-Сонымен қатар, Өскемен қаласының орталық саябағында орналасқан “Этно ауыл”, әскери техникалар, ботаникалық саябақ, зоосаябақ, көрмелерін тамашалыдық. Шырайлы шығыс жерінде өткен оқу тәжірибе кезеңі өте қызықты әрі пайдыл өтті. Осы ретте студенттерге тәжірибелік кезеңнің қызықты өтуіне мүмкіндік тудырған Марғұлан университеті басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаевқа және мансап орталығы басшысы Майра Байтанаеваға алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, практика базасында өзінің көп көмегін көрсеткен С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің Басқарма төрағасы – ректор М.Ә.Төлегенге үлкен алғыс айтамыз,-деді «География-тарих» ББ оқытушысы Әлібек Елемесов.