Перейти к содержимому страницы.

MU СТУДЕНТТЕРІ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

06.11.2024

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің СП-21 тобы, екінші жоғары білім беру және қысқартылған білім беру бағдарламасының студенттері, ЕҚБ балалар дамуының клиникалық ерекшеліктері пәні аясында маңызды тәжірибе жинады. Оқытушы Алтынай Мурзатаеваның бастамасымен студенттер №1 Арнайы мектеп-интернатына барып, есту қабілеті бұзылған балалармен қалай жұмыс істейтінін көріп, түрлі әдіс-тәсілдермен танысты. Мектепте түрлі заманауи құрылғыларды байқап, педагогтардың біліктілігіне тәнті болды. Балалардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып жасалған әдістемелерді көру болашақ маман ретінде өте маңызды.

Осындай кездесулер болашақ ұстаздарға кәсіби білімдерін кез келген жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Ерекше балалармен жұмыс жасаудың тәсілдерін терең түсіну үшін осындай тәжірибелер маңызды.