MU СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ
29.12.2025
Астана қаласында қазақ күресінен «Жас Барыс» халықаралық жастар турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенті Нұржол Бахытхан қола жүлдеге ие болды.
Нұржол Бахытхан Өнер және спорт жоғары мектебінің ФКС-33 тобында білім алуда. Қайрат Темірбулатов жетекшілігімен ол университеттің намысын халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап жүр.
Нұржолды жоғары нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тілейміз!

