MU СТУДЕНТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
27.02.2025
«Химия-биология» білім беру бағдарламасының студенті Адемау Игенбаева халықаралық ғылыми-педагогикалық мекемелер арасында өткен «Үздік жас ғалым» атты халықаралық зерттеу байқауына қатысты. Ол өз зерттеуінің нәтижелерін сәтті қорғап, жеңімпаз атанды. Байқау ақпан айында «Endless light in science» халықаралық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Адемау Игенбаеваның «Специфика накопления химических элементов в почве Баянаульского национального парка в зависимости от степени антропогенной нагрузки» тақырыбындағы дипломдық жұмысы жоғары бағаланып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айта кету керек, зерттеу Марғұлан университетінің биоценоология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының базасында жүргізілді. Жобаға жетекшілік еткен профессор Бибігүл Жұмабекова мен химия ғылымдарының кандидаты Меруерт Еркібаева. Жетекшілері жас ғалымдарға қолдау көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.