МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
24.10.2023
Марғұлан университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің 1-курс студенті Егор Есенко Ташкент қаласында спорттық акробатикадан өткен XIII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Байқауға Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 170-тен астам мықты акробат қатысты.
ДШжС-12 тобының студенті Егор Есенко Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Анастасия Сельскаямен 13-19 жас аралығындағы аралас жұпта өнер көрсетті. Спортшылар жұптық жеке жұмыста да, барлық жаттығуларда тамаша хореографиялық және техникалық дайындықтарын көрсетіп, жарыстың күміс жүлдегерлері атанды.
№1 спорт мектебінің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Светлана Аубакированың айтуынша, Егор мен Анастасия 4 жылдан бері жұп болып жаттығады. «Бұл біз үшін бірінші Азия чемпионаты болды, жоспарлағанның барлығын жақсы орындадық. Егор мен Анастасия - керемет ерік-жігері бар, өте мақсатшыл спортшылар. Олар өздерінің табандылығымен және спортқа деген адалдығымен бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін», – деді Светлана Юрьевна.
Соңғы айлар спорттық дуэт үшін өте қызу болды. Қыркүйек айында спортшылар Великий Новгород қаласында өткен халықаралық спорттық акробатика турниріне қатысты. Олар Ресей, Беларусь және Қазақстанның қарсыластары арасында екінші орынды жеңіп алды. Сол жерден бірден Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына Петропавл қаласына аттанып, жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Қазіргі уақытта олар қараша айында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындалуда.