Перейти к содержимому страницы.

MU СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

16.02.2026

Қытайда өткен Азия чемпионатында  Margulan University студенті Мария Шувалова жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, құрлықтық додада алтын медальға қол жеткізді.

Тяньцзинь қаласында өткен сайыста ол Кристина Кондрашова, Анна Шумило және Аделина Земспен бірге әйелдер қатарындағы 4×400 метрлік эстафетада тамаша нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Финалдық кезеңде ол төрттік 3:38.02 көрсетіп, 3:38.29 нәтижемен екінші болып келген Қытай құрамасын артта қалдырды.

Бетке ұстар спортшыларымызды Азия чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!