МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЛИНА САМБУЕВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
04.03.2024
Павлодарда тұңғыш рет таэквондодан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, оған республиканың барлық облыстарынан спортшылар қатысты. Оған өнер және спорт жоғары мектебінің 1 курс студенті Алина Самбуева қатысып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, тамыз айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
«Ең күшті қарсыластар қарағандылықтар болды, бірақ жеңіс біздікі», - дейді спортшы. – Енді менің Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер санатын алуыма мүмкіндік бар, Азия чемпионатына дейін жетеміз деп сенемін. Ол үшін жақсы дайындық керек. Мені осы жарыстарға дайындаған жаттықтырушым Павлодар облыстық таэквондо федерациясының президенті Азамат Шакилов.
Алина жас болса да көп еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Ол өткен жылы Минскіде өткен әлем чемпионатына және әлем кубогына қатысты. Сонымен қатар, биыл Астанада өткен әлем чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды.
– Бұл жарыстарда кореялықтарды жеңу өте қиын болды. Бұл түсінікті жағдай. Себебі таэквондо олардың туған спорты», - дейді спортшы қыз. – Дегенмен қазақстандықтар жақсы нәтиже көрсете білді.
Алина бұл таэквондо жекпе-жегімен сегіз жасынан бастап айналысып келеді, Екібастұз қаласындағы №1 жасөспірімдер спорт мектебінде дайындалады. Қазір ол дене шынықтыру мұғалімі мамандығына оқып жатыр, болашақта жаттықтырушы болуды және ел намысын қорғайтын чемпиондар дайындауды армандайды